«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев дауыс беруге келді
Ол әлеуметтік желіге сайлау учаскесінде түскен суретін жариялады
«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұған дейін хабарлағынымыздай, Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысып жатқан тағы бірнеше саяси партиялардың төрағалары да дауыс беріп үлгерген. Атап айтсақ, «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев пен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов, «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртайлар бүгін Астана қаласындағы сайлау учаскелеріне келіп, дауыстарын берді.
Естеріңізге сала кетейік, 19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.
Дауыс беруге 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Сайлау тізімдеріне 12 миллионнан астам азамат кіреді.