$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Доллар тағы күрт қымбаттады: 13 наурыздағы валюта бағамы қандай

Ұлттық банк дүйсенбіге арналған валюта бағамын жариялады

Доллар тағы күрт қымбаттады: 13 наурыздағы валюта бағамы қандай
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанның Ұлттық банкі 13 наурызға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Бүгін, яғни дүйсенбіде доллар бағамы төрт теңгеге бір-ақ көтеріліп, 445,98 теңге болып бекітілді.

Айта кетейік, өткен аптаның соңында америкалық валюта бағамы 441,12 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 5,81 теңге болды.

Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 452 теңгеден сатып алынып, 457 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында да орташа есеппен 448 теңгеден сатып алынып, 455 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

  • USD / KZT – 445,98 (АҚШ доллары)
  • EUR / KZT – 471,85 (еуро)
  • RUB / KZT – 5,87 (ресейлік рубль)
  • TRY / KZT – 23,73 (түрік лирасы)
  • CNY / KZT – 64,09 (қытай юані)
  • KGS / KZT – 5,1 (қырғыз сомы)
  • UZS / KZT – 3,92 (өзбек сомы).
Серіктес жаңалықтары