Бүгін еліміздің бірқатар облысында жаңбыр, кей өңірінде қар жауады
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді
Синоптиктер 13 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін Қазақстанның басым бөлігі антициклон сілемінің ықпалында болады. Республиканың шығысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы арқылы атмосфералық фронтальды бөлімдер өтеді, соған байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауып, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болып, елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады.
Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы ықтимал.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -10-12, күндіз -0-2 градус аяз болады.
Алматыда бұлтты ауа райы болады, өткінші жаңбыр жауады, түнде қатты жаңбыр жауады, таңертең тұман түседі. Батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан жылдамдығы 3-8, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +3-5, күндіз +8-10 градус жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан соғатын жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +5-7, күндіз +18-20 градус жылы болады.