Ақтөбе облысында елдімекендерді су басу қаупі төніп тұрған жоқ – әкімдік
Өңірде су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр
Ақтөбе облысында көктемгі су тасқыны кезеңінде жедел шаралар қабылдау мақсатында облыстық су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, 6 наурыздан бастап Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарында көшелерден, автожолдардан және аула аумақтарынан еріген қар суын сору және бұру бойынша 1097 өтінім қабылданды.
«88 мың текше метрден астам еріген су айдалды, 5,1 шақырым арық тазартылды, 3708 м3 инертті материал әкелінді, 1 900 дана қап төселді, облыстың елдімекендерінен 512 мың м3 астам қар шығарылды. Іс-шараларға 138 ассенизатор, 142 бірлік арнайы техника, 20 мобильді бригада, 650 адам жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласы бойынша су басқан көшелер жоқ. Ерекше бақылауда 4 учаске бар, онда еріген судың түсуіне қарай мерзімді су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Елдімекендерді су басу қаупі жоқ.