«AMANAT»-тың республикалық және облыстық штаб мүшелері ардагерлерді сайлауға қатысуға шақырды
Сондай-ақ кандидаттар алдағы 5 жылда Бәйдібек ауданында атқарылатын шаралар туралы айтып берді
«AMANAT» партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері Мақсат Толықбай, Нұрсұлтан Байтілесов, сонымен бірге, облыстық штаб мүшелері Қалыйма Жантөреева, Шырынбек Оңғаров пен Ерлан Әбдиев Бәйдібек ауданындағы орталық кітапханада ардагерлермен жүздесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жиында алғаш болып штаб мүшелері сөз алып, партияның жаңару үдерісін баяндады. Одан бөлек, сайлауалды бағдарлама аясындағы ауылдарды дамыту, халықтың табысын арттыру, тұрғындарды барлық қажеттілікпен қамту шаралары жөнінде айтып берді.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының авторы - халық. Себебі, біз осы бағдарламаны түзетін кезде жер-жерді аралап, халықтың ұсыныс-пікірін жинадық. Сол талап-тілектер негізінде нақты 10 бағыттан тұратын бағдарлама құрылды, - деді кездесуде облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қалыйма Жантөреқызы.
Сондай-ақ, кандидаттар мен штаб мүшелері партияның бағдарламасы шеңберінде алдағы 5 жылда өңірде, соның ішінде Бәйдібек ауданында атқарылатын жұмыстармен таныстырды.
«AMANAT» партиясы алдағы 5 жылда Түркістан облысының ауылдарында 57 сумен жабдықтаудың нысанын салып, таза ауызсумен қамтылған ауылдардың санын 100 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Оның ішінде Бәйдібек ауданында 1 нысан салынады. Сонымен қатар, өңірдегі 100 ауылды көгілдір отынмен қамтуды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде Бәйдібек ауданында биыл 4, келесі жылы 10 және 2025 жылы 3 елді мекен табиғи газбен қамтылмақ», - деді Шырынбек Оңғаров өз сөзінде.
Содан соң, бәйдібектік ардагерлерлің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, сауалдарына жауап берілді. Кездесу соңында кандидаттар мен сенімді өкілдер тұрғындарды сайлауға белсене қатысып «AMANAT» партиясын қолдауға шақырды.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді