$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлытау ауданында үміткерлер ұстаздарға партия бағдарламасының басым бағыттары туралы баяндады

Бұған қоса партияның бүгінге дейін атқарған жұмыстары туралы ақпарат берілді

Ұлытау ауданында үміткерлер ұстаздарға партия бағдарламасының басым бағыттары туралы баяндады

«AMANAT» партиясының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы, сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Шыңғысов бастаған кандидаттар құрамының үгіт-насихат шаралары, партия бағдарламасын түсіндіру жұмыстары №4 мектеп лицейінде жалғасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Партиялық тізім бойынша сайланатын Ұлытау облысы мәслихатының депутаттығына кандидаттар Бауыржан Шыңғысов, Зина Ақылбекова, Николай Распопов, Талғат Айтжанов, Нұргүл Талғатбекова, Нұрболат Сұлықбаев, бірмандаттық сайлау округтері бойынша сайланатын Ұлытау облысы мәслихатының депутаттығына кандидаттар Олжас Сауқымов, Ақансері Сүлейменов, Сәтбаев қалалық мәслихатына кандидат Қайрат Балмағамбетов, Жезқазған қалалық мәслихатына бірмандаттық сайлау округтері бойынша кандидаттар Раушан Қапарова, Қанат Мусин, Мейрам Муслимов, Нұрдәулет Рахайдың қатысуымен болған жүздесу «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндірумен бастау алды. Үгіт барысында қазақстандықтардың пікірлерін есепке алу нәтижесінде қабылданған партия бағдарламасының басым бағыттарына баса назар аударылды.

Оқу ордасына бас сұққан белсенді топ тарапынан партияның ел игілігі үшін күні бүгінге дейін атқарған жұмыстары туралы ақпарат берілді. Одан әрі еркін форматқа ұласқан жиында ұстаздар қауымынан бірқатар ұсыныстар, сауалдар жолданып, әрқайсысына толыққанды жауаптар берілді. Ұжым қызметкерлері көтерген өзекті мәселелер қатарында сапалы ауыз сумен қаматамасыз ету, қалаішілік жолдардың сапалы дұрысталуы, ересектер мен балаларға бассейн салу мәселелері болды. Депутаттыққа кандидаттар барлық мәселелердің ретімен шешілетінін, ұсыныстардың елеусіз қалмайтынын, бүкілі бірден жүзеге асып кетпесе де, барлығы бірлесе отырып, нақты шешімдерге бірге қол жеткізуге болатынын жеткізді.

Білім беру саласында да көптеген мәселелер бар, осыған байланысты «AMANAT» партиясының жоспарына сәйкес оларды оң шешу үшін бірқатар пәрменді және тиімді шаралар дайындалды. Атап айтар болсақ, облыста 88 жалпы білім беретін мектеп және 49 мектепке дейінгі мекеме (оның ішінде 7 жекеменшік), 10 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді; 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 79,1%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 88% құрайды. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың кезектілігі 3017 баланы құрайды. Оқушы орындарының тапшылығы жоқ, 88 мектептің 73-і (83%) екі ауысымды; Облыста 20 Бейімделген мектеп бар. Барлық мектептердің 90% Интернетпен жабдықталған.

Партияның міндеті – өңірдің барлық балалары үшін білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету. Интернеттің әлсіздігі немесе оның мектептерде болмау мәселелері із-түзсіз өткеннің еншісінде кету керек. Білім беру ұйымдарында білім алушылар үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілуі тиіс.

Міне, осындай нақты істер партиясының игілігін сезінген ұстаздар алдағы сайлауда да Бас партия мен оның кандидаттарын қолдауға құлшыныс танытып отыр.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары