$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«AMANAT» партиясының өкілдері Кеңгірде сайлауалды үгіт-насихат шараларын жүргізді

Кездесуде жергілікті мәселелер және оларды шешуге қатысты партия ұсынған шаралар талқыланды

«AMANAT» партиясының өкілдері Кеңгірде сайлауалды үгіт-насихат шараларын жүргізді

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына, Ұлытау облыстық мәслихатына, Сәтбаев қалалық мәслихатына кандидаттар бүгін Кеңгір елді мекенінде, жергілікті №2 мектепте ұстаздармен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат шараларын жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл кездесуге «AMANAT» партиясының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы, сайлауалды штаб жетекшісі, партиялық тізім бойынша Ұлытау облыстық мәслихатына кандидат Бауыржан Шыңғысов, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына партиялық тізім бойынша кандидат Аманжол Әлтай, партиялық тізім бойынша Ұлытау облысы мәслихатының депутаттығына кандидаттар Зина Ақылбекова, Бақытжан Көпбаев, Саят Балмағанбетов, бір мандаттық сайлау округтері бойынша Ұлытау облысы мәслихатының депутаттығына кандидаттар Олжас Сауқымов, Ержан Тоқымбаев, Сәтбаев қалалық мәслихатына кандидат Қайрат Балмағанбетов болды.

Жиын Бауыржан Қабденұлының сайлауалды бағдарламаны жан-жақты түсіндіруімен басталды. Сайлаушылармен жергілікті жердегі мәселелер және олардың болашақта шешімін табуына қатысты партия ұсынған бағыттарды, шараларды талқылады.

Кейін сөз кезегін алған Аманжол Дүйсенбайұлы «AMANAT» партиясының қазіргі кезге дейін атқарған жұмыстарына тоқталды. Соның ішінде соңғы кездері сыбайлас жемқорлардан елге қайтқан қаражаттарды, сол қаржының көп бөлігінің мектептер салу мен жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталатынына және 5 млн гектар жердің мемлекет меншігіне қайтарылғанына тоқтала кетті. Бұл жұмыстардың әлі де жалғасын таба беретінін жеткізді.

Келесі болып сөз сөйлеген Зина Жұманазарқызы Ұлытау облысының кешенді жоспарында облыс бойынша 7 мектеп, бұларға қосымша НЗМ (Назарбаев зияткерлік мектебі) салынатынын және «Білім-инновация» лицейіне күрделі жөндеу жүргізілетінін тілге тиек етті.

Ұстаздар өздерінің ұсыныстарын айтып, сауалдарын қойып және олардың алдағы уақытта ескерусіз қалмай, «AMANAT» партиясының ықпалымен шешілетініне сенім артатындарын айта кетті. Айтылған негізгі ұсыныстар легі: тұрғын үй, сапалы ауыз су, жол мәселелері. Жинақталған өтініштер, ұсыныс-тілектер осындай бағыттарда болды.

Кандидаттар сайлаушылардың ескертулері мен ұсыныстарын назарда ұстап, мандат бұйырып жатса ықпал етуге мүмкіндік болатынын айтып, орындалуына үлес қосатындарын жеткізді.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары