$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Египетте станцияға келген пойыз аударылып қалды

Апат 7 наурызда Каирдің солтүстігіндегі Калиуб қаласында болған

Египетте станцияға келген пойыз аударылып қалды
Фото: AFP

Египеттегі пойыз апатынан зардап шеккендер саны өсті. Екі адам қайтыс болып, жараланғандар саны 16 адамға жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Апат 7 наурыз, сейсенбіде Каирдің солтүстігіндегі Калиуб қаласында болған. Египет  Денсаулық сақтау министрлігі бастапқыда «бір адам қаза тапты» деген. Кейін қайтыс болған адам саны да, жарақат алғандардың да артқаны анықталды. Апат машинистің қателігінен болған.

Египет теміржолдарының Ұлттық басқармасының мәліметіне сенсек, пойыз Калиуб станциясына келгенде машинист жабық семафорды кесіп өткен, станцияда тұрған пойыз жүрісін жалғастырған. Бұл пойыздың локомотиві мен бірінші вагонның рельстен шығып кетуіне әкелген.

Бас прокурор Хамада Сауи ресми мәлімдемеге сәйкес «апатты тергеу тобын құру» туралы шешім қабылдады.

Египет – 100 миллион халқы бар ел. Биліктің немқұрайлылығы мен ұлттық теміржол желісінің архаикалық сипатына қатысты қоғамдық наразылықты туғызатын оқиғалар бұған дейін де болған.  2021 жылдың сәуірінде 40-тан астам адамның өмірін қиған екі пойыз апаты болған еді. Ол кезде теміржол басқармасының төрағасын Көлік министрі қызметінен ғана босатты.

Серіктес жаңалықтары