$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.03.2020, 10:11
Жаңалықтар

Немістердің 70 пайызы коронавируспен ауыруы мүмкін – вирусолог

Шарите Кристиан Дростеннің айтуынша, Германия COVID-19 вирусымен күресуге дайын 

Немістердің 70 пайызы коронавируспен ауыруы мүмкін – вирусолог
Фото: ашық дереккөзден

Коронавирус әлем бойынша тез тарап жатыр. Осыған орай неміс вирусологы Шарите Кристиан Дростен алдағы бірнеше жыл ішінде Германия тұрғындарының 70 пайызы COVID-19 жұқтыруы мүмкін екенін айтады, - деп хабарлайды Germania.one.

«Халықтың 60-70 пайызы індетті жұқтыруы мүмкін деп болжап отырмыз. Алайда, оның нақты қанша уақыт аралығында болатынын білмейміз. Мүмкін екі жылда немесе одан да көп уақыт ішінде жұқтырады», - дейді вирусолог.

Алайда, дәрігер бұл үшін дүрлігудің қажеті жоқ дейді. Оның айтуынша, Германия COVID-19 вирусымен күресуге сақадай сай. Егер де халықтың негізгі бөлігі коронавируспен бір жылда емес, бірнеше жыл ішінде біртіндеп ауыратын болса, Германия бұл қиындықтан оңай өтіп кетеді.

1 ақпан күнгі мәлімет бойынша, Германияда 66 адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды.

Айта кетейік, бүгін коронавирус тағы бес елде анықталды. Ол - Марокко, Сауд Арабиясы, Латвия, Сенегал және Тунис. 

 

Серіктес жаңалықтары