ШұғылЖелтоқсан-қаңтар айларында Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін

COVID-19: Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 90 мың адамнан асты

Аталған вирус әлемнің 65 елінде тіркелді

Фото: ашық дереккөзден

3 наурызға дейінгі жағдай бойынша әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 3 114 адамды құрады. 90 370 адам аталған ауруды жұқтырған. Ал, 47 мың науқас дертінен айығыпты. Бұл туралы ҚХР денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті мәлімдеді деп жазады РИА Новости.

Қайтыс деректерінің 2 943-і Қытай территориясында тіркелді. Сондай-ақ, ауырғандардың 80 151-і де осы елде тұратын азаматтар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы берген мәліметке қарағанда, Қытайдың өзінде COVID-19 вирусының таралу қарқыны бәсеңдегенімен, әлемнің өзге елдерінде керісінше, артып отыр. Әсіресе, Оңтүстік Корея, Италия, Иран және Жапонияда вирус жұқтырғандар саны күн санап өсіп келеді. Бүгінде коронавирус Қытайдан өзге әлемнің 64 елінде тіркелген.