$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.02.2020, 23:59
Жаңалықтар

Төтенше жағдайлар комитеті 6 облыста көктайғақ болатынын ескертті

6 облыста жаңбыр жауып, түнде ауа температурасы төмендейді

Төтенше жағдайлар комитеті 6 облыста көктайғақ болатынын ескертті
Фото: ашық дереккөзден

Еліміз астанасы мен 6 облысында жаңбыр жауатындықтан және түнде ауа температурасының төмендеуіне байланысты ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті тұрғындарға сақтық шараларын қабылдауды ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Нұр-Сұлтан, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашынның жаууына және түнгі уақытта аяз болуына байланысты көктайғақ болады.

«Көктайғақ салдарынан жол-көлік оқиғалары, сондай-ақ көше жарақаттары: соғылу, шығып кету және сыну қатерлері ұлғаяды.

ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде абай болып, төмен жылдамдықты сақтауды және сақ болуға шақырады. Жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде өте мұқият болуы керек, асығуға немесе жүгіруге болмайды.

Көктайғақ кезінде азаматтарға тайғанамайтын табаны бар аяқ киім кию ұсынылады.

Қарт адамдарға ұшы резеңкемен қапталған немесе шырмауығы бар таяқты пайдалану керек», – делінген ведомство хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары