$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.02.2020, 11:51
Жаңалықтар

iPhone қолданушыларының жеке мәліметтері алаяқтардың қолына оңай түседі - маман

Томми Мисктің айтуынша, кейбір қосымшалар арқылы адамдардың жеке ақпараттарына қол жеткізуге болады 

iPhone қолданушыларының жеке мәліметтері алаяқтардың қолына оңай түседі - маман
Фото: ашық дереккөзден

Белгілі IT маманы Томми Миск iOS жүйесіне арналған қосымшалар арқылы адамдардың IPhone немесе IPad құрылғыларындағы жеке ақпаратына қол жеткізуге болатынын анықтады. Бұл туралы ол өзінің жеке блогында жазды.

Мисктің түсіндіруінше, телефондағы алмасу буферіне (буфер обмена – авт.) көшірілген  мәліметтерді iOS-қа орнатқан кез келген қосымшаны жасаушы қолдана алады. Кей мобильді қосымшаларды алаяқтар әдейі ойлап табады. Яғни, олар сіздің құрылғыңыздағы жеке басты куәландыратын ақпараттарыңыз бен банк карталарыңыздың нөмірін, паролін қолға түсіруге қабілетті деген сөз.

Қазір iPhone телефондарымен суретке түскенде автоматты түрде оның геолокациясы шығып, фотоның қай жерде түсірілгені жазылып тұрады. Ал көп адамдар өз iPhone-дарында «Фотографии» қосымшасындағы суреттерді көшіреді. Сол кезде оның GPS-координаттары «зиянкес» қосымшаларға өтеді. Сөйтіп, фотоны түсірген құрылғының моделі, мекен-жайы, тағы басқа ақпараттың бәрі белгілі болып қалады. Миск «осылайша алаяқтар сіздің мәліметтеріңізді өз пайдасына жаратады» дейді.

iPhone және iPad қолданушылары жеке мәліметтерінің ұрланып жатқанын әдетте өздері байқамайды. Сондықтан, маман қосымшалар қолданушыдан «буфер алмасу» функциясы кезінде ақпаратты қолдануға рұқсат сұрау керек деп есептейді. Мысалы, қазір мұндай рұқсат камераны қолданар кезде сұралады. Кей қосымшалардың «Доступ к камере», «доступ к контактам» деген ескертпе жасайтындары сондықтан.  

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары