26.02.2020, 11:29
Жаңалықтар
Қазақстандық гимнасшылар Будапештен жүлдемен оралды
Айбота Ертайқызы екі бірдей жаттығу бойынша жүлдеге ілінді
фото: olympic.kz
Венгрияда өтіп жатқан Gracia Fair Cup турнирінде қазақстандық жас гимнастар жеңіс тұғырына көтерілді. Бұл туралы Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.
Роза Абитова ұршықпен жаттығуда үздік үштікке еніп, қола жүлде иеленді. Бірінші орын белорусиялық Анастасия Салосқа, күміс жүлде украиналық Ева Мелещукке бұйырды.
Сондай-ақ, Айбота Ертайқызы таспа және шығыршықпен жаттығудан қола медаль жеңіп алды. Бұл жаттығу бойынша да алтын мен күміс жүлделерге Анастасия Салос пен Ева Мелещук иеленді.

Айта кетелік, Венгриядағы турнирге негізінен жас спортшылар аттанған болатын.
Көп оқылған
13.08.2026, 10:25
Шымкенттегі «Жайлаукөл» саябағында аттракционнан қыз бала құлап, қолын сындырып алды (ВИДЕО)
13.08.2026, 17:45
35 жеріне пышақ сұққан: Нұрай Серікбайды аяусыз өлтірген Шерхан Аймахан өмір бойына сотталды
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
13.08.2026, 11:25
Шымкентте аттракционда болған оқыс оқиғаға: полиция қылмыстық іс қозғады