ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 110 мыңнан асты

«Қорғас» кеден бекеті коронавирусқа байланысты жабылды

Бұған дейін Қорғас кеден бекеті 15 ақпанға дейін жабылып, кейін уақыты тағы ұзарған болатын

Фото: ашық дереккөзден

Халықаралық «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы орталығы арнайы бұйрық берілгенге дейін жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, «Қорғас» ШЫХО арнайы бұйрық берілгенге дейін қытайдағы коронавирусқа байланысты жабық болады.

«Қытайдағы күрделі жағдайға байланысты Алматы облысының әкімі Үкіметке «Қорғас» ШЫХО-ны уақытша жабуды ұсынды. Премьер-министр бұл ұсынысты қолдады. Бұған дейін Қорғас кеден бекеті 15 ақпанға дейін жабылған еді. Кейін уақыты тағы ұзарған болатын. Алайда коронавирусқа байланысты арнайы бұйрық шыққанға дейін, яғни белгісіз уақытқа жабылды», - деді Ғ. Жукел.

Баспасөз хатшысының айтуынша, қазіргі сәтте Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасымен «Қорғас» кеден бекетінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл алдағы уақытта саудагерлер мен туристердің кептелісін болдырмауға мүмкіндік бермек.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы