$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.02.2020, 05:32
Жаңалықтар

Қыстың соңғы күндерінде ауа райы қандай болады

Синоптиктер 27-29 ақпан аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын айтты

Қыстың соңғы күндерінде ауа райы қандай болады

Синоптиктер 27-29 ақпан аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қыс әлі аяқталып үлгермегенімен, елімізде күн күрт жылып, көктем лебі сезіле бастады. Республиканың барлық аумағындағы ауа температурасы климаттық нормадан 5…12°С көтерілді. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында қар түгел еріп кетті, ал циклондар мен антициклондар жылдам ауысып жатыр. Бұл көктем шыға бастағанын білдіретін негізгі белгілер дейді синоптиктер. 

Алдағы үш күнде Қазақстан аумағында үлкен жылдамдықпен полярлық және арктикалық ауа ағыстары, оның артынша антициклон жүріп өтеді. Содан соң Ресейдің еуропалық бөлігінен жететін кезекті ауа ағыстары батыс облыстардың ауа райына күрт ықпал етуы мүмкін. Осылайша, жауын аралас қар мен жаңбыр соңы бірден ашық ауа райына ауысып, ауа температурасы айрықша жоғары көтерілетін болады. 

Серіктес жаңалықтары