Алматыда 38 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр
Былтыр мегаполисте 3 мыңнан астам адам жеңілдетілген бағдарламалар бойынша баспаналы болды

Жеңілдетілген мемлекеттік бағдарлама арқылы Алматыда көпбалалы және аз қамтылған отбасылар мен жұмысшы жастарды қосқанда 3167 адам ипотекаға үй алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Шаңырақ» (5-10-20) және «Бақытты отбасы» (2-10-20) несиелік бағдарламалар бойынша тұрғын үйді тиісінше 1988 және 162 адам алған.
«Алматы жастары» жастар бағдарламасына 971 адам қатысса, жалдамалы баспана алу құқығын 46 алматылық пайдаланды.
Әкімдік 2023 жылы мемлекеттік бағдарламалар бойынша 5266 адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр екен.
" Мәселен, "Шаңырақ" (5-10-20) және "Бақытты отбасы" бағдарламалары бойынша несиелік тұрғын үйді 2715 отбасы алатын болады.
"Алматы жастары" бағдарламасын кемінде 1100 адам пайдаланады (әкімнің шешімімен 2023 жылдан бастап денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлері үшін 100 пәтерге көбейтілді);
Ал 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар үшін 1050 пәтерді жалға беру беру жоспарланған", - деп мәлімдеді Алматы қаласының әкімдігі.
Айта кетейік, бүгінде Алматыда тұрғын үйге кезекте әлі 38 139 азамат тұр.