$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да қыс басынан бері 36 дауылды ескерту жарияланды

Қолайсыз ауа райына байланысты мамандар тұрғындарды сақтық шараларын ұстануға шақырды

СҚО-да қыс басынан бері 36 дауылды ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктердің болжамынша Солтүстік Қазақстанда ауа температурасы күрт төмендемек. Қаңтардың екінші онкүндігінде термометр бағаны -30-35 градусты көрсетуі ықтимал. Қолайсыз ауа райына байланысты мамандар тұрғындарды сақтық шараларын ұстануға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі. 

Жыл басталғалы ауа райының қолайсыздығына байланысты Айыртау және Ақжар аудандарында көлік қозғалысына шектеу қойды. Жалпы қыс басталғаннан бері 36 рет дауылды ескерту жарияланды. Мамандардың айтуынша ескертуді елмей, жолға шығатындар көп.  

«Қар құрсауынан 44 адам шығарылды. Оның ішінде бір бала бар.  Сонымен қатар жылыту бекетіне Ресей Федерациясының және Түркия елінің де азаматтары орналастырылды. Бұл жылда қайталанатын жағдай. Әсіресе, республикалық жолдарда көліктерде дизельдік отын қатып қалады да көліктер жолда қалады. Осыған орай біз 300 жылыту пунктін әзірледік. Қазір біз аудандардағы дайындықты қарап жатырмыз. Жылы киім-кешекпен , азық-түлікпен қаматамасыз етілсін деген тапсырма бердік», - дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов. 

Биыл әкімшілік кодекске жаңа бап қосылды. Енді автожолдар жабылған кезде оны елемей жолға шыққандарға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл - 103 мың теңге. Ал егер жағдай қайталанатын болса онда 15 тәулікке қамауға алынады.  

 «Аязды күндері қысқы дизель отынын немесе отынның аязға төзімді болуына мүмкіндік беретін арнайы қоспаларды қолдану қажет. Мүмкіндігінше аязды күндері балаларды, қарттарды жолға алып шықпаған жөн. Жалпы дауылды ескерту кезінде елді мекендерден алыстамауға кеңес береміз», - дейді Мұрат Қанғожин.  

Жаңа жыл басталғалы өңірде 11 ірі өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 4 адам қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары