$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ІІМ қаңтар оқиғасы кезінде полицейлердің неліктен арнайы құралдар қолданғанын түсіндірді

Ахметжанов қызметкерлердің қару-жарақ қолдануына нақты себептер болғанын атап өтті

ІІМ қаңтар оқиғасы кезінде полицейлердің неліктен арнайы құралдар қолданғанын түсіндірді

Қаңтар оқиғасы барысында құқық қорғау қызметкерлерінің қару қолдануы заңды болды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Мәжіліс залының мінберінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында, сондай-ақ қарулы қылмыскерлерге қарсы қызметкерлер қару қолдануға тура келді. Қару «Құқық қорғау қызметі туралы» заңның 61-бабына сәйкес (атыс қаруын және өзге де қаруды қолдану) қолданылды», - деді министр.

Ахметжанов қызметкерлердің қару-жарақ қолдануына нақты себептер болғанын атап өтті.

«Бұл үшін барлық негіз:  

- азаматтарды қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау;

- қаруды иемдену әрекетінің жолын кесу;

- қызметкерлерге, қызметтік және әскери нарядтарға, күзетілетін объектілерге жасалған шабуылды тойтару болды», - деді ол.

Министрдің айтуынша, егер қызметкерлер Заңда көзделген шаралар кешенін орындамаса, бұл қанды шайқас одан да ауқымды болуы мүмкін еді. Прокуратура құқықтық баға берді. Оларды қолдану заңды деп танылды.

Серіктес жаңалықтары