$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызметкерлердің басым бөлігінде қару болған жоқ – Берік Асылов

Олар арнайы құралдарды ғана қолданған

Қызметкерлердің басым бөлігінде қару болған жоқ – Берік Асылов
Фото ашық дереккөзден

Қаңтар оқиғасы кезінде бір офицер қала әкімдігін өртеген кезде тірідей жанып кеткен. Бұл жайлы Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Тәртіпсіздікке қатысқан көп адамды тоқтатуға құқық қорғау күштерінің мүмкіндігі болмады. Оның үстіне қызметкерлердің басым бөлігінде қару болған жоқ. Соңына дейін тек арнайы құралдарды қолданды. Олар – резина таяқшалар, су атқыштар және басқа дүниелер. Алайда сол уақытта жүздеген тәртіп сақшысы жараланды. Оқтан жарақат алғандар да бар», - дейді Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша,  бір офицер өртке оранған қала әкімдігінде тірідей жанып кеткен.

Айта кетейік, өткен аптада Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин қаңтар оқиғасына қатысты халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға Бас прокуратура, тиісті күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдардың басшылары Мәжіліске келіп жауап беруін талап еткен болатын.

Бүгін күштік құрылымдар Мәжіліс төріне жиналды. Сонымен қатар ғимарат фойесінде қаңтар оқиғасы кезінде тәркіленген қару-жарақтар мен күштік құрылымдардың құрал-жабдықтары қойылған көрме өтіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары