Өзбекстанның бірнеше ауданы жылусыз қалды

Әсел Оршыбекова

Елде 14 мың абонент газсыз қалды

Өзбекстанның бірнеше ауданы жылусыз қалды
CC0 / Unsplash / AR

Ташкенттің бірқатар ауданында ауа райының суытуына байланысты газ беруде үзілістер байқалады, ресурстар таусылуға таяу, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Gazeta.uz-ге сілтеме жасап.

Газ құю станциялары қоғамдық көліктен басқа барлық көліктер үшін уақытша жабық. Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Ташкенттің кейбір аудандарында газ бен жылу үзіліспен беріліп жатыр.

«Коммуналдық қызметтер қолда бар газ қорларын барлық тұтынушылар арасында біркелкі бөлуге тырысса да, ресурстар таусылып жатыр. Қала әкімшілігі ақауларды жою үшін тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді, ал коммуналдық қызметтер жоғары дайындық режимінде», — деді Өзбекстан астанасы хокимиаты.

Елде 14 мың абонент газсыз қалды, 79 мың тұтынушыда қысымның төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Podrobno.uz.

«Ауа температурасының күрт төмендеуіне және қардың түсуіне байланысты табиғи газды тұтыну айтарлықтай өсті. Осы жылдың 4 желтоқсанында ел халқына (3,9 миллионнан астам тұтынушы) 68 миллион текше метр табиғи газ жеткізілді (2021 жылдың 4 желтоқсанында 55,8 миллион текше метр жеткізілді, биылғы өсім 21 пайызды құрады). Соған қарамастан, 516 махаллада немесе 79 мың тұтынушыда қысымның төмендеуі байқалады, ал 14 мың адамға газ беру уақытша тоқтатылды», — делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.