КХДР Сеулдің АҚШ-пен бірлескен жаттығуларына жауап ретінде артиллериялық оқ жаудырды
Пхеньян Сеулді арандатушылық соғыс қимылдарын тоқтатуға шақырды
КХДР Қарулы күштері Сеулге ескерту ретінде теңізге қарай артиллериялық оқ жаудырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Lenta.ru-ге сілтеме жасап.
Оңтүстік Кореяның Yonhap ақпараттық агенттігінің жазуынша, Оңтүстік Корея әскері шекара маңында белсенділік танытқандықтан, Корея Халық Армиясының Бас штабы оқ ату туралы бұйрық берген. Оқиға 6 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 09:15-те болды.
Пхеньян сонымен қатар, Сеулді арандатушылық соғыс қимылдарын тоқтатуға шақырды.
Атыс Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың шекара маңындағы бірлескен жаттығуларынан кейін бір күн өткен соң болды. Өз кезегінде Сеул КХДР армиясының әрекеттері шекара маңындағы аймақтардағы шиеленісті азайту туралы 2018 жылғы кореяаралық әскери келісімді бұзды деп мәлімдеді.