IPO нәтижесі: «ҚазМұнайГаз» акцияларына 128 мыңнан астам өтініш берген
Келесі жылы қандай компаниялар IPO-ға шығатыны белгілі болды

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында «ҚазМұнайГаздың» IPO нәтижелеріне жеке тоқталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Кеше Қордың директорлар кеңесі мен Үкімет «ҚазМұнайГаз» акцияларын иеліктен шығару туралы соңғы шешім қабылдады. Өтініштер 9 қараша мен 2 желтоқсан аралығында қабылданды. Қазақстан азаматтарының өтінішін қанағаттандыруға басымдық берілді. Азаматтардан түскен өтініштердің жалпы саны – 128,7. Жалпы сомасы 74,6 млрд теңгені құрады», - деді Сәтқалиев.
Ол Қордың қандай портфельдік компанияларды IPO/SPO-ға шығаруды жоспарлап отырғанын айтты.
«2023-2024 жылдары – «Эйр Астана», «KEGOC» және «Самұрық-Энерго» жасыл активтерінің портфелі (QazaqGreenPower plc жобалық компаниясы). 2024-2025 жылдары – «ҚазақГаз». 2025 жылы – «Қазақстан темір жолы», - деді ол.