03.12.2022, 17:12
Жаңалықтар
Ақтөбеде бопсалаумен айналысқан деструктивті діни ағымның жақтаушылары ұсталды
Олар қала тұрғынын қорқытып, көлігін тартып алғанда қолға түсті
Ақтөбеде бопсалаумен айналысқан деструктивті діни ағымның жақтаушылары ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ақтөбе облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы арнайы бөлімшенің жауынгерлерімен бірлесіп бопсалаумен айналысқан топты ұстады. Олар қарашаның басында Ақтөбе тұрғынынан ВАЗ-21070 автокөлігін зорлық-зомбылық көрсетіп, иемденген.
«Ұсталғандардың төртеуі де деструктивті діни ағымдардың жақтаушылары. Күдіктілердің бірі ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде Ақтөбе қаласы ПБ УҰИ-ға қамауға алынды», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.
ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді