Алматыда тауларда блок- бекеттер қойылды
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға қарлы тау беткейлерге шықпауға кеңес береді
Алматыда тауларда қар көшкіні жүру қаупіне байланысты блок бекеттер қойылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Таулы аймақтарда қар жамылғысының тұрақсыз, қардың қалыңдығының (кейбір жерлерде 100-120 см) болуына байланысты тау беткейлерінде көшкін қаупі сақталады. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Казселденқорғау» мамандары Медеу бөгетінен жоғары Шымбұлақ-Эдельвейс тас жолының бөлігінде жолға бөгет орнатты.
Таулы аймақтардағы қар көшкіндерінің жойқын әсерінен аса қауіпті табиғи құбылыстардың бірі болып табылады. Қар көшкіндер максималды жылдамдығы сағатына 80 км-ге дейін жетуі мүмкін.
24 қарашадан бастап Алматы тауларында өздігінен түскен қар көшкіннің 14 жағдайы тіркелді.
Мамандар профилактикалық түсуді Қазгидромет РМК ұсынымдары негізінде, ауа райы қолайлы болған жағдайда жүргізеді.
«Қазгидромет» РМК және «Қазселденқорғау» ММ бекеттері қар көшкіні жағдайына тұрақты мониторинг жүргізуде. Алматы өңірінде 165 көшкін алқабы бар, оның 18-і «Медеу» СК, ТШК «Шымбұлақ» және Үлкен Алматы көлі аудандарында орналасқан.