$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Роман Скляр ТЖ зардаптары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады

Қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 50-ден астам техника мен 261 адам жұмылдырылды 

Роман Скляр ТЖ зардаптары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды бақылау үшін Екібастұзда болады. Бұл туралы Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жұмысты үйлестіріп, шұғыл шешімдер қабылдау үшін бірінші вице-премьер тұрақты түрде арнайы штаб отырыстарын өткізеді.

Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 50-ден астам техника тартылды. 36 бригада (261 адам) жұмыс істеп жатыр.

3 желтоқсандағы сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 76 үйдің 48-інде жұмыс аяқталды, тағы 28 үй бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда.

Сонымен қатар қала тұрғындары үшін бұрынғыша 14 жылыту пункті жұмыс істеп тұр.

Қалпына келтіру жұмыстарының барысы – Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында. Роман Скляр ТЖ зардаптары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады.

Серіктес жаңалықтары