$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Полиция постының шатырынан отшашу атқан алматылық вайнер қамауға алынды

Полицейлер мұндай заңсыз әрекеттердің қатаң түрде жолы кесілетінін ескертеді

Полиция постының шатырынан отшашу атқан алматылық вайнер қамауға алынды
фото: Polisia.kz

Алматыда полиция постының шатырынан отшашу атқан адам 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жас жігіт өзіне және жеке парақшасына назар аударту үшін Алматыдағы стационарлық полиция постының төбесіне шығып, сол жерден отшашуды атып, кейін қашып кеткен.

Жетісу аудандық Полиция басқармасы БАҚ пен әлеуметтік желілердегі әуес 21 жастағы жігіттің әрекетін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) және ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы 2-бөлігі (Елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды пайдалану) бойынша сараптады.

Ол Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#бұзақылық