03.12.2022, 18:58
Жаңалықтар
Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы өмірден озды
Ол 78 жасында өмірден өтті
Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, баскетболдан аты аңызға айналған КСРО ұлттық құрамасының мүшесі Әлжан Жармұхамедов өмірден озды. Бұл туралы ЦСКА баскетбол клубының ресми сайты хабарлайды.
«Бүгін ЦСКА мен ұлттық құраманың тамаша ойыншысы Әлжан Жармұхамедов дүниеден өтті. Аты аңызға айналған Түркістанның әбжыланы 78 жаста еді», — делінген хабарламада.
Әлжан Мүсірбекұлы — қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Тоғыз дүркін КСРО чемпионы (1970-1978 жж, 1980 ж.), КСРО құрамасының сапында үш мәрте Еуропа чемпионы (1967, 1971, 1979 жж.) атанған. Ол 1972 жылы Олимпиада чемпионы атанды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді