$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан азаматтығын алғысы келгендер қазақ тілінен емтихан тапсырады – министр

Бүгінде алыс шетелдерден құжатында ұлты нақты көрсетілмеген этникалық қазақтар көптеп келіп жатыр

Қазақстан азаматтығын алғысы келгендер қазақ тілінен емтихан тапсырады – министр
Фото: bankchart.kz

Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін қазақ тілінен емтихан тапсыру міндетті болмақ. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Үкімет отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап берген Тамара Дүйсенова Қазақстанның мемлекеттік тілі мен тарихын білу бойынша емтихан тапсыру талабы көп жағдайда, елімізге келетін этникалық қазақтарға да қатысты екенін айтты.

«Бүгінде алыс шетелдерден құжатында ұлты нақты көрсетілмеген этникалық қазақтар көптеп келіп жатыр. Осыған орай, қазақ тілі мен тарихын білу бойынша білім базасының ережесі дайындалды. Біз бұл ережені келер жылы біз құжатында ұлты көрсетілмеген этникалық қазақтар үшін де сынақтан өткіземіз», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары