Қазақстанға келіп жатқан иммигранттар саны 1,5 есеге көбейген

Azattyq Rýhy

Келгендердің басым бөлігі Маңғыстау облысы, Алматы қаласы және Алматы облысына қоныстанған

Қазақстанға келіп жатқан иммигранттар саны 1,5 есеге көбейген
Фото: eurasian-research.org

Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында елімізге 11 мың адам келген, бұл өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 51,7 пайызға артық көрсеткіш, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Ranking.kz порталының мәліметінше, бұл ретте Қазақстаннан 20,3 мың адам кеткен, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,7%-ға аз көрсеткіш.

Дегенмен, көші-қон саласындағы көрсеткіш әлі де теріс болып қалып отыр, яғни келушілерден кетушілер саны 9,3 мың адамға көп.

«Өңірлік тұрғыдан алғанда, келгендердің басым бөлігі: 2,4 мың адам Маңғыстау облысын тұрақтаған (өткен жылғыдан 53,9% көп ). Сондай-ақ Алматы қаласы (2,1 мың адам, бір жылда 67,1% көп) және Алматы облысы (1,4 мың адам, бір жылда 8,4 есе өсім) да алдыңғы үштікте тұр. Елімізге келушілер ең аз қоныстанған аймақ Қызылорда облысы болып отыр: бұл өңірге жыл басынан бері небәрі 12 адам келген, бұл бір жыл бұрынғы 7 адамға көп көрстекіш», - дейді сарапшылар.

Кетушілер арасында Қарағанды ​​облысынан ең көп, 2,5 мың адам кеткен – бір жыл бұрынғыдан 31,5%-ға аз. Одан кейінгі орында Қостанай (2,4 мың адам, 6%-ға аз) және Павлодар (2,3 мың адам, 14,8%-ға аз) облыстары тұр. Қызылорда облысынан аз (42 адам, 28,8%-ға аз) кеткен.

Осы жылы Қазақстан Республикасына 15 жастан асқан келушілердің ішінде 989 адам техникалық, 516-ы экономикалық, 351-і педагогикалық, 219-ы медициналық, 130-ы заңгерлік, 106-сы сәулет-құрылыс, ал 70-і ауыл шаруашылығы мамандығын меңгерген.

Ал елімізден кеткендер арасында 15 жастан асқан 3,5 мың адамның техникалық, 1,6 мыңының экономикалық, 1 мыңының педагогикалық, 542-інің медициналық, 378-і-нің заңгерлік, 218-і-нің сәулет өнері, 159 – ауыл шаруашылығы мамандығы болған .

«Биыл Қазақстанға келгендердің басым бөлігі Өзбекстаннан келген: 4,8 мың адам – бір жыл бұрынғыдан бірден 88,8%-ға артық. Екінші және үшінші қатарды Ресей мен Түркіменстаннан келгендер толықтырып отыр. Сондай-ақ Қырғызстан мен Қытайдан да келушілер саны көбейген», - делінген зерттеуде.

Сонымен қатар Қазақстаннан Ресейге кеткендер саны көбірек тіркелген: 16,6 мың адам – бұл бір жыл бұрынғыдан 21,4%-ға аз көрсеткіш. Басты бестікке Германия, АҚШ, Польша және Өзбекстан да кірді.

Айта кетейік, 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 957 шетел азаматы еңбек етеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.