28.11.2022, 11:58
Жаңалықтар
Президент бірқатар ведомствоның басшыларын тағайындады
Мемлекет басшысы тиісті жарлықтарға қол қойды
Фото: t.me/bort_01
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ведомстволардың басшыларын тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Элиманов Жанат Қалдыбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы;
- Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы;
- Ерғалиев Әсет Арманұлы – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы;
- Марат Талғатұлы Омаров – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы.
Сонымен қатар, Президенттің жарлықтарымен тағайындалды:
- Исабеков Сәкен Саинұлы-Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы;
- Дадебаев Айбек Арқабайұлы-Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқарушысы.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Ермек Сағымбаевты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы етіп тағайындады. Өз кезегінде Олжас Бектенов Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады