03.11.2022, 10:23
Жаңалықтар
Қарағанды облысында шахтадан бесінші кеншінің денесі табылды
Бұл туралы ресми ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек хабарлады
Фото ашық дереккөзден
«Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарасты Ленин атындағы шахтада қаза тапқандардың саны бес адамға жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қазір газдан уланған тағы төрт адам ауруханада жатыр.
«Ленин атындағы шахтада газдренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде кенеттен газ таралған. Салдарынан шахтаның 5 қызметкері қаза тауып, 4 адам Шахтинск және Х.Мақажанов атындағы ауруханаға жатты», - дейді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.
Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада, таңғы сағат 3.00 шамасында Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада («Арселор Миттал Теміртау» АҚ) жарылыс болып, төрт адам тіл тартпай қаза тапқан болатын.
Көп оқылған
01.07.2026, 16:04
СҚО-да жол апатынан кейін мас жолаушы жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасады (ВИДЕО)
01.07.2026, 11:33
Университет түлегі мен профессордың диплом табыстау сәтіндегі биі жұртты тәнті етті (ВИДЕО)
01.07.2026, 12:47
Маңғыстау облысында жүздеген еркекке әйел адам жасалатын қымбат ота түрлері рәсімделген