Қарағанды ​​облысында шахтада газ атылып, 4 адам қаза тапты

Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада болған

 

Қарағанды ​​облысында шахтада газ атылып, 4 адам қаза тапты

Қарағанды ​​облысындағы шахтада газ атылып, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлметінше, 3 қарашада таңғы сағат 3.00 шамасында Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада («Арселор Миттал Теміртау» АҚ) жарылыс болған.

«Газ бұрғылау ұңғымаларын бұрғылау кезінде кенеттен газ атқылап, 4 жұмысшы қаза тапты. Тағы бір жұмысшыны іздеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ төрт адам ауруханаға жатқызылды», - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға орнынан 106 жұмысшы эвакуацияланған.

ТЖМ өкілінің айтуынша, апатты тергеп-тексеру үшін комиссия құрылуда, оның қорытындысы бойынша апаттың себептері мен мән-жайы анықталатын болады.

Оқиға орнында облыс әкімі, қала басшысы және компания жетекшілері, «Көмір» ӘҚҚҚ авариялық-құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.