$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысының тұрғыны темекіні заңсыз сатқаны үшін сотталды

Ақмола облысының тұрғыны тиісті құжатсыз және сертификатсыз темекі сатумен айналысқан

Ақмола облысының тұрғыны темекіні заңсыз сатқаны үшін сотталды
Фото ашық дереккөзден

Осы жылдың наурыз-маусым айлары аралығында Р.Э. Гүлиев деген азамат тауардың сапасы мен шығу тегін растайтын құжаттарсыз темекі өнімін сатып алып, оны Астанада «Әмір» базарының аумағында, контейнерде сақтап, Ақмола облысының Ақкөл қаласында жалпы сомасы 775 000 теңгеге тауар сатқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Контрафактілі темекі бұйымдары бар автокөлік тауарды Астанадан Ерейментау қаласына дейін тасымалдау кезінде ұсталды, жоспар бойынша оны бөлшек сауда дүкендері арқылы өткізбек болған.

«Көлік құралын тексеру барысында жалпы саны 34 500 қорап темекі бұйымдары табылып, тәркіленді.

Өңірлік МКД қорытындысына сәйкес, тәркіленген 37 150 қорап акцизделуге тиіс темекі өнімдерінің жалпы құны 22 млн теңгеге жуық соманы құрайды.

Сот үкімімен Р.Э. Гулиевке 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды», - деп мәлімдеді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары