$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президент шахтада қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың жақындарына тиісті көмек көрсетуді тапсырды

Президент шахтада қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтты
Фото: Ақорда

Президент «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың басасқз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.   

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне апат себептерін  анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың отбасыларына тиісті көмек көрсетуді тапсырдым», – деп жазылған жеделхатта.

Серіктес жаңалықтары