$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сеулде мерт болған қазақстандықтың денесі ертең елге жеткізілуі мүмкін

Отбасының хабарлауынша, денесі алдымен Алматыға жеткізіледі

Сеулде мерт болған қазақстандықтың денесі ертең елге жеткізілуі мүмкін
Фото ашық дереккөзден

Сеулде білім алып жүріп, мереке күні көз жұмған Мәдина Шерниязованың денесі ертең Ақтөбеге жеткізілуі мүмкін. Қазіргі кезде ҚР Сыртқы істер министрлігі отбасымен хабарласып, көмек көрсетуге уәде еткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Кореяның Сеул қаласында болған қайғылы жағдай кезінде ақтөбелік студент Мәдина Шерниязова көз жұмды.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі қазақстандық дипломаттар қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланыста, құжат ресімдеуге және мәйітті Қазақстанға жеткізуге барлық қажетті көмек көрсетілетінін айтып, ақпарат таратты.

Отбасының хабарлауынша, денесі алдымен Алматыға жеткізіледі. Кейін туған жері Ақтөбеге әкелінеді. Шамамен ертең кешкілік тасымалдануы мүмкін.

Айта кетейік, Мәдина Шерниязова Ақтөбе қаласындағы №27 орта мектепте оқыған. 2013 жылы бітіріп, оқуға түскен.

«Алдымен Қазан қаласында жоғары оқу орын бітіріп, кейін Кореяға екінші жоғары оқу орнына түсті. Онда магистратурада оқыды. Оқушы алғыр болды. Ағылшын тілін жақсы меңгерді. Біз отбасымен байланыста болып, оның қайда білім алып жүргенін біліп жүрдік. Қазір ата-анасына қиын, біз көңіл айтамыз», - деді №27 орта мектеп директорының орынбасары Алтынгүл Аткиева.

Серіктес жаңалықтары