Шымкент тұрғыны араб тілін заңсыз оқытатын курс ашып, теріс ағымдағы дінді насихаттаған
Миссионерлікпен айналысқан азаматқа айыппұл салынды
Шымкент қаласының 32 жастағы тұрғыны араб тілін заңсыз оқытатын курс ашып, теріс ағымдағы дінді насихаттаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Шымкент қаласы Полиция департаменті мен экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында 32 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді. Ол араб тілін заңсыз оқытатын курс ашып, теріс ағымдағы дінді үйретіп, насихаттаған. Яғни заңсыз миссионерлік қызметпен айналысқаны анықталды.
миссион"Аталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Істі жүргізу барысында ол азамат 1 жыл ішінде дәл осы әкімшілік құқықбұзушылықты екінші рет жасағаны белгілі болды. Осыған байланысты Шымкент қаласы мамандандырылған әкімшілік сотымен жергілікті тұрғынға ҚР ҚК-нің 490-бабының 8-тармағына сәйкес, 612 мың 600 теңге көлемінде айыппұл салынды", - деп көрсетті Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.