$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Талдықорған маңындағы қабірді қазғандар іздестіріліп жатыр

Жергілікті полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады

Талдықорған маңындағы қабірді қазғандар іздестіріліп жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Талдықорған маңындағы христиан зиратында жерленгендердің мүрдесін қопарып кеткендер жазаға тартылады. Қазір қабірді қазғандар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Алматы» теларнасына сілтеме жасап.

Жергілікті полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Жұртшылық мұндай бассыздыққа барғандар мәйітпен бірге көмілген құнды заттарды іздеуі мүмкін деп топшылайды.  Бұл туралы 21 қазан күні желіге жазба жүктелді. Адам шошырлық жағдайды бейіт басына барғандар видеоға түсіріп алған. Онда сүйек-саяқтың, киім-кешектің шашылып жатқаны анық көрінеді. Ал қабірді қазып тастаған.

«Негізі орыстар киім кидіреді ғой. Алтын, сақиналарын сала ма, білмедім? Бірге салып жерлейді деп еститінмін. Соны алуы мүмкін. Қазір таңқалуға болмайды», – деді Еңбек ауылының тұрғыны Батырбек Келдібекұлы.

Ал ауыл билігі бұл жағдайға бәзбіреулердің қатысы бар дегенге сенбейді. Сөздерінше ит-құстың қазған іні деп қысқа қайырды.

«Енді адам қазғанға ұқсамайды. Жануар а, бақса құс па?  Біздің қызметкерлер жаңағы жерге сүйектерді орнына қойып, қайта көмді. Әзірге ешқандай ғылыми дәлел, болжам жоқ. Бірақ кім қазғаны әлі анықталған жоқ», – деді Өтенай ауылдық округі әкімінің орынбасары Жанат Әлсейітов.

Өтенай мен Еңбек ауылының іргесінде мұсылман және христиан зираты бар. Түбінде малдың өлексесі шашылып жатыр. Көпшіліктің айтуынша, бейіт қалың ағаштардың арасында орналасқандықтан өлгенге де, тіріге де қастық қылам дегендер байқалмай қалады. Ал ол маңайдан мектеп баласы күнде өтеді.

«Зираттағы үш жер қазылғаны анықталды. Болжам бойынша қабірлерді жануарлар қазуы мүмкін. Шұңқырлардың көлемі мен жануарлардың іздері соны көрсетеді. Барлық нұсқасы әлі тексеріліп жатыр», – деді полиция департаментінің ресми өкілі Жанна Нүпбаева.

Бұл жағдайдан кейін ауыл жұрты зират маңымен жүруге қорқып қалған. Қабірдің қалай қазылғанын жергілікті билік те, полиция да нақты айта алмай отыр.

Әкімдіктің ақпарынша, Өтенай ауылдық округінде сегіз зират бар, оның бірнешеуі қоршалмаған екен. Біраздан бері қараусыз қалған маңды жауаптылар назарға аламыз деп сендірді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#зират