19.10.2022, 14:21
Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Қонаев қаласының орталығын аралады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Фото: t.me/bort_01
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары кезінде Қонаев қаласының орталығын жаяу жүріп өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкімімен бірге Қонаев қаласының орталығын аралады», - делінген «Борт №1» Telegram-арнасындағы хабарламада.
Еске салсақ, бүгін Президент жұмыс сапарымен Алматы облысына келген болатын. Өңір жұртшылығымен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қонаев ғылым-білім орталығына және студент жастардың қаласына айналуы керек екенін айтқан еді.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
15.11.2026, 18:36
Астанада балағат сөздер айтқан такси жүргізушісі бес тәулікке қамауға алынды (ВИДЕО)
