«Жаңбырдың соңы қарға ұласады»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Azattyq Rýhy

Синоптиктердің хабарлауынша тек оңтүстік-шығыста жылы болмақ

«Жаңбырдың соңы қарға ұласады»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстан бойынша 2022 жылғы 20-22 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Синоптиктердің хабарлауынша тек оңтүстік-шығыста жылы және шуақты болмақ.

«Жаңа Жер аудандарынан келетін циклонның әсерінен, ҚР басым бөлігінде жаңбыр, кезеңнің соңына қарай солтүстікте, солтүстік-батыста қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) жауады. Тек, кезеңнің басында еліміздің оңтүстігінде, кезең бойы оңтүстік-шығыста антициклон әсерінен жауын-шашынсыз, жылы ауа-райы күтіледі. Жалпы республика бойынша желдің күшеюі,  22 қазанда солтүстікте – көктайғақ, оңтүстіктің таулы аудандарында найзағай күтіледі»,  - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Ауа температурасы:

  • батыста түнде 3-13 жылыдан 3 аяз-7 жылыға дейін, күндіз 10-20 жылыдан 2-15 жылыға дейін төмендейді;
  • солтүстік-батыста ауаның температурасы шамалы төмендейді, түнде 3 аяз-8 жылыдан 3 аяз -5 жылыға дейін, күндіз 8-18 жылыдан 2-8 жылыға дейін төмендейді;
  • солтүстікте ауаның температурасы түнде 0-6 жылыдан 0-10 жылыға дейін жоғарылайды, күндіз 5-12 жылыдан 0-8-ге дейін төмендейді;
  • ҚР орталығында ауаның температурасы түнде 1 аяздан-8 жылыдан 3-9 жылыға дейін жоғарлайды, күндіз температураның негізгі фоны 7-18  градус жылы;
  • шығыста түнде ауаның негізгі фоны 2 аяз -8 жылы болады, күндіз  ауаның температурасы 3-15  жылыдан 9-18 жылыға дейін жоғарылайды;
  • оңтүстікте түнде ауаның температурасы 3 аяз-5жылыдан 0-13 жылыға дейін, күндіз 12-20 жылыдан 12-26 градус жылыға дейін жоғарылайды;
  • оңтүстік-шығыста ауаның температурасы түнде 5 аяз-6 жылыдан  2 аяз-10 жылыға дейін, күндіз 5-15 жылыдан 15-25 градус жылыға дейін жоғарылайды.
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.