$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев: Қазақстанға Ресейден 50-ден астам халықаралық компания қоныс аударды

Бұл өңір экономикасына айтарлықтай септігін тигізетінін айтты

Тоқаев: Қазақстанға Ресейден 50-ден астам халықаралық компания қоныс аударды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында елге келген ресейлік кәсіпорындардың жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазіргі таңда Қазақстанға Ресейден 50-ден астам халықаралық компания қоныс аударды. Олардың барлығын ірі қалаларға шоғырландыру тиімсіз. Әкімдік мұндай өндірістерді Алматы маңында БАКАД периметрі бойымен орналастыруды пысықтауы керек, бұл өңір экономикасына айтарлықтай септігін тигізеді. Бұл мәселені Үкімет және компаниялармен талқылау қажет», - деді Тоқаев.

Айтуынша облыс орталығы тартымды аймаққа айналуы керек.

«Біз инвесторларға жаңа өндіріс орындарын ашуға, оның ішінде басқа елдерден қоныс аударатын өндіріс орындарын ашуға барлық жағдайды жасауымыз керек. Шетелдік әріптестермен кедергісіз және үзіліссіз сауда жасау үшін бұл мәселені қазірден пысықтау қажет. Облыста бірқатар ірі экспорттаушы кәсіпорындар жұмыс істейді, олардан негізгі салық түсімдері түседі. Біз оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету арқылы өндірісін кеңейтуге көмектесуіміз керек. Бір ай мерзімде Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне ұсыныстар енгізуді тапсырамын», - деді Президент.

Серіктес жаңалықтары