09.09.2022, 00:07
Жаңалықтар
Ұлыбритания патшайымы Елизавета II өмірден өтті
Ұлыбританияның жаңа патшасы – оның ұлы және мұрагері Чарльз
Фото ашық дереккөзден
Ұлыбритания патшайымы Елизавета II өмірден өтті. Бұл туралы Букингем сарайы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBCnews сайтына сілтеме жасап.
Ол 96 жаста еді.
Ұлыбританияның жаңа патшасы оның ұлы және мұрагері Чарльз болды.
II Елизавета 70 жыл бойы Британияны басқарды және бүкіл әлемде құрметке ие болды. Бүгінде Ұлыбританияда және Ұлттар Достастығында тұратын адамдардың көпшілігі оның билігі дәуірінде туып, өмір сүрді. Бұл дәуір 1952 жылы басталып, жаңа Елизавета дәуірі деп аталды. Бүгін ол дәуір аяқталды.
Букингем сарайының мәлімдемесінде айтылғандай, патшайым бүгін түстен кейін Балморалда қайтыс болды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді