18.08.2022, 12:14
Жаңалықтар
Үш облыста Экономикалық тергеу департаментінің басшылары тағайындалды
Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады
Қаржылық мониторинг агенттігінің үш облыс бойынша департамент басшылары тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша үш облыстағы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшыларын тағайындады.
Агенттік Төрағасының бұйрығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша:
- Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы болып Ерік Есенов;
- Абай облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті басшысы болып Нұрлан Кәрімов;
- Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы болып Талғат Таңатаров тағайындалды.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты