Ұлттық банк 16 тамызға арналған доллар бағамын белгіледі
Бүгін доллардың ресми бағамы 476,18 теңгеге тең болды
Қазақстанның Ұлттық банкі 16 тамызға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни сейсенбі күні доллардың ресми бағамы 476,18 теңгеге тең болды.
Айта кетейік, америкалық валютаның 15 тамыздағы ресми бағамы 476,01 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 7,76 теңге болды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 474 теңгеден сатып алынып, 479 теңгеден сатылып жатыр. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 474 теңгеден сатып алынып, 478,5 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
USD / KZT – 476.18 (АҚШ доллары)
EUR / KZT – 485.56 (Еуро)
RUB / KZT – 7.76 (Ресей рублі)
GBP / KZT – 574.46 (Фунт стерлинг)
TRY / KZT – 26.51 (Түрік лирасы)
UAH / KZT – 12.89 (Украин гривниі)
CNY / KZT – 70.34 (Қытай юані)
KGS / KZT – 5.81 (Қырғыз сомы)
AED / KZT – 179.65 (БАЭ дирхамы).