Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады
Республика бойынша күн салқындай бастайды
Синоптиктер 16 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Солтүстік-батыс антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, сонымен қатар температуралық фон біртіндеп төмендеуі мүмкін. Фронталды бөліктерге байланысты республикамыздың солтүстік шеткі аудандары мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел соғады. Республика бойынша кей жерлерде түнгі уақытта тұман түседі», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында өте қатты ыстық сақталады.
Күндіз Маңғыстау облысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында қатты ыстық сақталады, Алматы облысында қатты ыстық болады.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, Жетісу облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.