$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.02.2020, 02:28
Жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай арасында сәлемдеме мен хат алмасу тоқтатылды

Мұндай шешім коронавирустың кең таралуына байланысты қабылданған

Қазақстан мен Қытай арасында сәлемдеме мен хат алмасу тоқтатылды
Фото: ашық дереккөзден

«Қазпошта» ҚХР-дан сәлемдемелер мен хат жеткізуді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қытайдың пошта әкімшілігінің бастамасымен Қытай мен Қазақстан арасында авто, әуе және теміржол арқылы пошта алмасу тоқтатылды. Сол себепті Қазпошта Қытайға және Қытай арқылы транзитпен басқа да мемлекеттерге (Бангладеш, Бруней, Бутан, Бирма, Камбоджа, Малайзия, Моңғолия, Непал, Лаос, Солтүстік Корея, Тайланд, Шри-Ланка, Тайвань) поштаның барлық түрлерін жіберуді тоқтатты», - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан хат немесе сәлемдеме алғанда жаңа коронавирус жұқтыру мүмкін емес екенін мәлімдеген еді. Олар қауіпті вирус адам ағзасында ғана сақталады, ал тұрмыстық заттар арқылы таралмайды деп отыр.

Серіктес жаңалықтары