ШұғылӨткен аптада Қазақстанда коронавирустан 28 адам қайтыс болды

Түркияда қар көшкінінен қаза тапқандар саны 41 адамға жетті

Сондай-ақ табиғи апаттан 84 адам жарақат алған

Фото: cnnturk.com

Түркияның Ван провинциясында қар көшкінінен қаза тапқандар саны 41 адамға жетті. Сондай-ақ табиғи апаттан 84 адам жарақат алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі NTV телеарнасына сілтеме жасап. 

Қазір оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны артуы мүмкін.

«Қаза тапқандар арасында 8 жандарм, 3 күзетші, 3 өрт сөндіруші және 9 азамат бар. Сонымен қатар төтенше жағдай қызметінің 30 қызметкері құтқарылған. Тағы қанша адамның қар астында қалғаны белгісіз», - деп жазылған телеарна сайтында.

Айта кету керек, бұл жерде бір күнде екі рет қар көшкіні болған. Оқиға орнында үш жүзге жуық құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Олар осы уақытқа дейін қардың астынан елуге жуық адамды алып шықты. Сонымен қатар құтқару жұмыстарына тұман, қалың қар мен жел кедергі келтіріп жатыр.