$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.02.2020, 01:23
Жаңалықтар

Ақтөбеде студенттер жаппай төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды

Қансырап қалған жігітті белгісіз біреулер ауруханаға жеткізіпті

Ақтөбеде студенттер жаппай төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде студенттер жатақхана жанында жаппай төбелескен. Осының салдарынан 19 жастағы студент пышақ жарақатын алды. Қансырап қалған жігітті белгісіз біреулер ауруханаға жеткізіпті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға Құдайберген Жұбанов атындағы университетке қарама-қарсы жерде болған. Төрт-бес жігіт төбелескен. Жанжал кезінде 19 жастағы студенттің кеуде тұсы мен сол жақ аяғына пышақ жарақаты салынған. Аурухананың қабылдау бөліміне қаңсыраған жігітті белгісіз біреулер жеткізген. Ол көп қан жоғалтқандықтан, дереу ота жасылыпты. 

«Операция кезіңде сол жақ кеуде қуысының тесіліп кесілген жарақаты, өкпесінің жарақаты анықталды. Операция жасалып, өкпенің жарақаты тігілді. Сол жақ аяғының да жарақаты тігілді. 500-600 мл қан кеткен», - дейді Ақтөюе облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Сәкен Қапанов.

Дәрігерлер жас жігіттің қазір өміріне ешқандай қауіп жоқ дейді. Ол Құдайберген Жұбанов атындағы университеттің Тау-кен факультетінің 2 курс студенті. Хромтау ауданының тумасы. Ал қалада пәтер жалдап тұрады. Қанды оқиға бірнеше бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

Қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары басталды. Төбелеске не себеп болғанын полиция әзір айта алмай отыр.  

«Жедел іс-шаралар жүргізу барасында полицейлер төбелеске қатысушыларды анықтап, ұстады. Сондай-ақ пышақ жарақатын салған адамның кім екені анықталуда. Оны ұстау бойынша шаралар қабылдануда. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 24, 99 баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - дейді Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Серіктес жаңалықтары