Нұр-Сұлтан мен тағы бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Атап айтқанда, 7-9 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман күтіледі. 7және 9 ақпанда жаяу бұрқасын болжанады. 7-8 ақпанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с артады.
8 ақпанда желдің екпіні 23 м/с күшейеді. 7 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қаласында сондай-ақ тұман, көктайғақ болжанады. 8 ақпанда Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.
Ақтөбе облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с құрайды.
8-9 ақпан күндері аталған өңірлерде түнде ауа температурасы -10-20 градусқа күрт төмендейді.
7-9 ақпан аралығында Ақмола облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады. 8 ақпанда желдің жылдамдығы 23-28 м/с артуы мүмкін.