ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте тағы 225 адам індет жұқтырған

Өткен жылы 1 млрд 700 млн теңгенің контрабандалық тауары тәркіленді - прокуратура

Ал котрабандалық іспен сотталғандар тауарды мемлекетке қайтарып қана қоймай, жәбірленушілерге де өтемақы төлейді

Фото: ашық дереккөзден

Контрабандамен айналысқан «кәсіпкерлер» кеденшілердің қамқорлығында болған. Ірі көлемде контарбандамен айналысқан оқиға Маңғыстау облысында анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бас көлік прокуратурасы өткен жылы болған контрабандалық әрекеттердің нәтижесін жариялады. Тауарды тасымалдау барысында ұрланған заттар мен қаражатты, сондай-ақ күдіктінің мүлкін, қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы және құралдарын анықтау - көлік прокурорларының міндеті. Контрабандалық топтардың құрбаны болған жәбірленушілерге былтыр 1 млрд. теңгеден астам залал өтелген. Ал мемлекеттің пайдасына 1 млрд 700 млн теңгені құрайтын контрабандалық тауарлар берілген екен.

«2019 жылы Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорлары сотқа 11 тұлғаға қатысты қылмыстық істі жолдады. Кеден қызметкерлерінің қамқорлығында болған ұйымдасқан қылмыстық топ Біріккен Араб Әмірліктерінен аса ірі мөлшерде темекі және шиналар контрабандасымен айналысқан. Аталған қылмыстық іс бойынша Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының айыптау үкімі шықты. 1 млрд 400 млн теңгені құрайтын контрабандалық тауар мемлекет пайдасына тәркіленді. Бүдан бөлек көліктегі істер бойынша сотпен 18,3 млн. теңгеден астам төлем өндіріп алынды», - деп мәлімдеді Бас көлік прокуратурасы

Бас көлік прокуратурасының хабарлауынша, котрабандалық іспен сотталғандар тауарды мемлекетке қайтарып қана қоймай, жәбірленушілерге де өтемақы төлейді. Жәбірленушілерге шілде айынан бастап 30 бен 50 АЕК көлемінде бір жолғы өтемақы беріле бастайды.

«Өтемақы адам саудасының немесе азаптаудың құрбандарына, кәмелет жасқа толмаған жыныстық зорлық-зомбылық құрбандарына, денсаулығына ауыр зиян келтірілген адамдарға (оның ішінде ЖҚТБ вирусын жұқтырғандар), жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, заңды өкілдеріне (тізімде Қылмыстық кодекстің 46-бабы бойынша 124 қылмыс құрамы көзделген) төленетін болады», - деп хабарлады ведомство.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Сұхбат
Бүгінге дейін ауылға көшу акциясына 4000 адамнан өтініш түcкен
Оның айтуынша, аралдан баспана алатындар саны жыл сайын артып келеді
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған