$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ертіс ауданында тиісті заңнаманы бұзған Тәжікстан азаматы елден шығарылды

Сол сияқты тәртіп бұзған Қырғызстан азаматы да жазаланды

Ертіс ауданында тиісті заңнаманы бұзған Тәжікстан азаматы елден шығарылды
Фото: pavlodarnews.kz

Ертіс ауданында заңнаманы бұзған Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары ұсталды. Шетелдіктердің уақытша тіркеу мерзімі өтіп кеткен, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Ертіс ауданының полицейлері Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған Тәжікстан Республикасының азаматын анықтады.

«Ер адамның Нұр-Сұлтан қаласының көші-қон қызметінде 2021 жылғы 18 маусымға дейінгі мерзімге тіркелгені анықталды, алайда 41 жастағы шетелдік азамат іс жүзінде 2022 жылғы 27 маусымға дейін қызметін атқарған», - делінген Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Ертіс аудандық сотымен Тәжікстан Республикасының азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 7-бөлігі - «шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынып, ҚР шегінен әкімшілік жолмен шығарылды.

Басқа жағдайда Қырғызстан Республикасының азаматы Қазақстанға келіп, 2021 жылғы 21 сәуірге дейін тіркелген, алайда көрсетілген мерзімде елден тыс жерлерге шықпаған. Шетелдік азамат ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасады.

Ертіс аудандық сотының қаулысымен тәртіп бұзушыға 53 603 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары